Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қош келдің, Наурыз!»
24-03-2023 11:26
«Қош келдің, Наурыз!»

2023 жылғы 22 наурызда Литвинов саябағындағы «Ынтымақ» ауылында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» БЖК КМҚК «Қош келдің, Наурыз!» атты мерекелік  іс-шарасы өтті.

Мақсаты: қазақ салт-дәстүріне, мәдениетіне деген құрметті, Отанға деген сүйіспеншілікті тәрбиелеу.

 Концертке «Жігер» БЖК барлық бөлімшелерінің 300-ден астам тәрбиеленушілері қатысты. Литвинов  саябағында киіз үй құрылып мерекелік  іс-шара өтті. Мерекелік шара киіз үйде және даладағы  сахнада өтті. Киіз үйге келген қонақтарды музыкалық нөмірлер мен әндер айтып қарсы алды. Гид киіз үйдің жиһаздарымен, ыдыс-аяқтарымен таныстырды, сондай-ақ қазақ халқының салт-дәстүрлері мен киіз үйдегі жүріс-тұрыс қағидалары туралы айтты.

Концерттік алаңда тәрбиеленушілер ән айтып, музыкалық аспаптарда ойнады, сондай-ақ, билер биледі. «Жас Толқын»  БЖК   «Аs-соль»   вокалдық студиясы және «Азат» БЖК «ДаМиАр» би ансамблі Шашу биімен концертті ашты. «Балшуақ» клубы көрермендерді "Келіншек" биімен, ал «Айналайын» би ұжымы  «Алға» биімен қуантты. Іс-шараны вокал бойынша педагог Кульжанова Асель Хамитовна "Құтты болсын, тойларың!" әнімен аяқтады.

         Наурыз мерекесі – жер бетіндегі барлық адамдардың  және табиғаттың бірлігі, үндестігі, шуақ және жақсылық мерекесі сәтті өтті. «Жігер»  БЖК  ұжымы, барлық уақыттарын бөліп келген көрермендерге, сондай-ақ осы іс-шараны ұйымдастырып және өткізуге белсенді қатысқан педагогтар мен тәрбиеленушілерге алғысын білдіреді.