Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Республикалық бокс турнирінің қорытындысы
28-03-2023 10:32
Республикалық бокс турнирінің қорытындысы

Көктемгі демалыс күндері, 2023 жылғы  23-26 наурыз аралығында. Астана қаласында бокстан республикалық турнир өтті. Қазақстанның түкпір-түкпірінен турнирге 220 боксшы қатысты.  Павлодар қаласы атынан "Жігер" БЖК тәрбиеленушілері қатысты, олар жалпы жеті медаль иеленді: бір алтын, бес күміс және бір қола медаль.

1 орын-Жамбербаев Алмаз, № 19 мектептің  6-сынып оқушысы;

2 орын-Жүсіпов Әлішер № 37 мектептің  2 сынып оқушысы, Жақыпов Дамир № 19 мектептің  7-сынып оқушысы, Баймұрат Сұлтан № 27 мектептің 4 сынып оқушысы, Оразбай Азамат № 40 мектептің 4-сынып оқушысы, Ерболат Дархан № 5 мектептің 3 сынып оқушысы;

3 орын-Қабыш Нұрсұлтан № 5 мектептің 4 сынып оқушысы.

Балалар «Сауран» БЖК-дағы бокс секциясына үш жылдан астам  уақыттан бері қатысып келеді, тек Ерболат Дархан үшін өткен турнир алғашқы жарысы болды, ол бокспен өткен жылдың қыркүйегінен бастап айналысуда. Балаларды Жаменкенов Ертай Хайруллинович жаттықтырады.