Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Жауынгер жолы-2023" жекпе-жек өнерінің Будо-форумы өтті.
02-05-2023 10:46

2023 жылғы 28 сәуірде № 25 ЖОББМ базасында Павлодар қаласының білім бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы "Жауынгер жолы-2023" жекпе-жек өнерінің Будо-форумын өткізді. Форумның мақсаты: өскелең ұрпақ арасында жекпе-жек өнерін насихаттау үшін жағдай жасау, спорт командалары арасындағы достық байланысты нығайту, тәжірибе алмасу. Міндеттері: жұртшылықты жекпе-жек өнерінің түрлі түрлерімен таныстыру, салауатты өмір салтын насихаттау.

Форумға білім беру және спорт мекемесінің спорт секцияларының 250-ден астам тәрбиеленушілері қатысты. Форумды "Айналайын" балалар-жасөспірімдер клубының "Катана" командасының балалары, одан әрі Сұлтанамахмұт Торайғыров атындағы жалпы білім беретін мектептің "Север" командасының балалары ашты. Жекпе-жек фестиваліне барлығы 17 спорттық команда қатысты. "Сауран" клубының "Сатори" командасының балалары, "Балшуақ" клубының "Файтер" командасы, "Бірлік" клубының "Тай жауынгері"командасы өз өнерлерімен ерекшеленді.

Барлық спортшылар өз тәжірибелерімен бөлісті, техниканың жақсы деңгейін және жауынгерлік дайындықтың жоғары деңгейін көрсетті. Форум соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.