Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Бірлігіміз жарасқан.
02-05-2023 14:48
Бірлігіміз жарасқан.

2023 жылдың 25 сәуірінде «Жігер» БЖК КМҚК-ның № 39 орта мектебінің базасында Қазақстан Республикасы халықтарының бірлігі күніне арналған «Бірлігіміз жарасқан!» мерекелік фестивалі өтті. Фестивальға Павлодар қаласы мектептерінің 300-ден астам оқушылары қатысты.

Фестивальдың мақсаты: Қазақстанда тұратын халықтардың ұлттық-мәдени дәстүрлерін сақтау және дамыту, отансүйгіштікке және өз Отанына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, өзге ұлт өкілдерінің мәдениетіне құрмет пен толерантты болуға тәрбиелеу, байланыстарды нығайту, достық пен өзара түсіністікті қалыптастыру.

Фестиваль «Қазақстанның пайда болуынан бүгінгі күнге дейінгі тарихы» бейнеролигімен ашылды. Қатысушылар қазақ даласының қалай дүниеге келгенін, ата-бабаларымыз қалай өмір сүргенін, Қазақстанның тәуелсіздікке жеткен сара жолын, тарихтың басты белестерін қызыға тамашалады.

Фестивальға қатысушылар өздеріне бөлінген ұлтқа сай шығармашылық нөмір дайындады.  №15 мектеп – орыс ұлтын, № 16 мектеп – гректердің, №21 мектеп – ингуштардың, №14 мектеп – ұйғырлардың, №11 мектеп – қытайлардың, Р.Нұртазин атындағы мектеп – балқарлардың мәдениетін көрсетті.

Бүгінгі фестиваль бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан этностар арасындағы достық қазақстандықтардың барлық ұрпақтарының игілігі екендігінің дәлелі. Халықтар достығы, олардың ынтымағы әрі ел бірлігінің кепілі, әрі қазіргі қоғам дамуының қозғаушы күші.