Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Отан деп соққан жүректер»
05-05-2023 17:45
«Отан деп соққан жүректер»

2023 жылғы 5 мамырда «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубы «Қалалық мәдениет және демалыс саябағы» негізінде  Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне арналған «Отан деп соққан жүректер» атты әскери-спорттық ойынын өткізді. Аталған іс-шараға балалар мен жасөспірімдер клубтарының тәрбиеленушілері, барлығы 150 адам қатысты.

Балалар үшін келесідей гарнизондар ұйымдастырылды:

1. Солтүстік – көк гарнизон;

2. Оңтүстік – қызыл гарнизон;

3. Шығыс – Жасыл  гарнизон;

4. Батыс – сары  гарнизон.

         Капитан өз командасын сканерленген QR кодына сәйкес белгілі бір бағытта жүргізді. Әр гарнизонда балалар "Мина алаңы", "Кедергілер жолағы", "Тікенді сым", "Құтқарушы" сияқты кедергілерден өтуі тиіс болды.

Әскери-спорттық ойын қорытындысы бойынша барлық тәрбиеленушілер "Үздік мерген", "Үздік сапер", "Үздік барлаушы", "Үздік құтқарушы" номинацияларын алды.

- Бұл ойын салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды, командадағы тәрбиеленушілердің бірлігін көрсетті, спорттық рухты көтерді, - деп атап өтті "Сауран" балалар-жасөспірімдер клубының меңгерушісі Сыздықова Әсем Қабдоллақызы.