Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жігер" БЖК КМҚК" және оның бөлімшелері «Бірлігіміз жарасқан» жазғы жобасын іске асыру аясында Павлодар қаласы мектептерінің оқушыларымен "Әлем халықтарының ойындары" іс-шарасын өткізді.
15-06-2023 11:51
Жігер

"Жігер" БЖК КМҚК" және оның бөлімшелері  «Бірлігіміз жарасқан» жазғы жобасын  іске асыру аясында  Павлодар қаласы мектептерінің оқушыларымен "Әлем халықтарының ойындары" іс-шарасын өткізді. Бұл іс-шараның мақсаты-психикалық және физикалық дамудың маңызды элементі болып табылатын жазғы кезеңде балалардың демалысы мен сауығуын ұйымдастыру.
Ойын 6 локация бойынша өтті, онда қосымша білім беру педагогтары Қазақ ұлттық ойындары, Орталық Азия ойындары, Славян ойындары, Шығыс Азия ойындары, Кавказ ұлтының ойындары және Еуропалық ойындар сияқты әлем халықтарының ойындарын өткізді.
Әлем халықтарының ойындары  сол халықтың мәдениеті мен өзіндік ерекшелігін жақсырақ түсініп танысуға  көмектеседі. Сондай-ақ, әртүрлі халықтар арасында өте ұқсас ойындарды кездестіруге болады, бірақ әртүрлі атаулармен.
Бұл іс-шараға қала мектептерінің  2300  оқушысы қатысты, барлық қатысушылар әлем халықтарының ойындарын белсенді түрде ойнады.
Бұл шағын ойындар күннің кез келген уақытында серігіп, атмосфераны жандандыруға, көңіл-күйді көтеруге көмектеседі. Сондай-ақ, психоэмоционалды жағдайды  жеңілдету, қатысушылардың шиеленісін жеңілдету үшін қажет, әсіресе қатысушылар бір-бірімен, ұжымда аз таныс болған жағдайларда.