2023 жылдың 9 қазан күні Баязитов атындағы облыстық балалар кітапханасында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының ұймдастыруымен «Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени ағартушылық жобасын жүзеге асыру аясында «Ақындар айтысы» атты қалалық байқауы өткізілді.
Мақсаты: айтысты қазақ халқының ұлттық құндылығы, шешендік өнер арқылы мәдениеттің баға жетпес мұрасы ретінде жан-жақты насихаттау, ұлттық рух пен патриотизмге, өз халқына және оның дәстүрлеріне құрмет сезімін тәрбиелеу, талантты шығармашылық жастарды анықтау.
Іс-шараға Кенжекөл ЖОББМ, № 30, 6, 2, 29, Малайсары батыр атындағы, Қ. Бекқожин атындағы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары белсене қатысты.Алғашқы жұп Қуанов Тамерлан мен Төкен Асанали сахнаға шыға сала, жиналған жұрттың делебесін қоздырып, жырға сусаған елдің көңілін көтеріп тастады. Одан кейін Самиға Бексұлтан мен Сағит Келдіқайыр додаға шығып, сөз тапқырлықтарымен көзге түсті. Барлық айтыскерлер тәуелсіздік тарихын жақсы білетіндіктерін, жаңа Қазақстанның болашағы өздері екенін көрсетті. Қазылар алқасы мүшелері:
• ақын, журналист, Қазақстан Журналистер және Жазушылар одағының мүшесі, Павлодар қаласының Құрметті азаматшасы Шолпан Байғалықызы;
• Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын, айтыскер Ғабит Көпжасарұлы Сапаров;
• Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, облыстық «Шаңырақ» халық шығармашылығы және мәдени-сауық қызметі орталығы басшысының орынбасары, Қазақстан журналистер одағының мүшесі, ақын Айбек Тілеубекұлы Оралхан.
Барлық қатысушылар мен қазылар алқасы сертификаттармен, алғыс хаттарымен марапатталды.
«Төрт тоқсан – төрт өнер» ұлттық мәдени ағартушылық жобасын жүзеге асыру аясында «Ақындар айтысы» атты қалалық байқауы өткізілді.