17 қарашада Павлодар қаласы білім бөлімінің "Жігер" БЖК КМҚК негізінде "Төрт токсан - төрт өнер" ұлттық мәдени - ағарту жобасы аясында "Бес асық" ұлттық ойынынан ашық қалалық турнир өткізді.
Өткізу мақсаттары:
- салауатты өмір салтын насихаттау;
- достық қарым-қатынасты нығайту;
- ұлттық спорт түрлерін дамыту және танымал ету.
Турнирге "Жігер" БЖК клубының барлық бөлімшелерінің тәрбиеленушілері қатысты, барлығы 50 тәрбиеленуші қатысты. Турнир басында ұйымдастырушылар осы ежелгі ойынның қысқаша тарихын айтып берді. Бұл ойынды тек қыздар ойнайды. Бұл ойынның мақсаты-тігінен немесе көлденеңінен бірдей түсті бес бірдей асықты жинау.
Ойынды төрешілер алқасы мен бас төреші З. К. Омарова бағалады. жеңімпаздар грамоталармен марапатталды
1 орынды "Айналайын"клубы иеленді
2 орынды "Рахым"клубы иеленді
3 орынды "Бірлік"клубы иеленді
Қалған клубтар қатысқаны үшін грамоталармен марапатталды
Клуб тәрбиеленушілеріне ойын өте ұнады.