6 наурыз 2024 жылы Аманжол Шамкенов атындағы гимназиясында, “Жігер” балалар-жасөспірімдер клубының ұйымдастыруымен, Республикалық “Ақ шағала” хореографиялық фестиваль-байқауының қалалық кезеңі өтті.
Фестиваль-байқаудың мақсаты: білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасау, үйлесімді тұлғаны тәрбиелеу және одан әрі дамыту бойынша жүйелі және мақсатты іс-шаралар жүргізу, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға тарту.
Фестиваль-байқаудың міндеттері:
1) білім алушыларды хореографиялық өнерге, тарихи мұраға тарту, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту, оларды әлеуметтендіру;
2) Би мәдени дәстүрлерін қалпына келтіру, би мәдениетінің тарихын зерттеу;
3) балалардың бойында ұлттық мәдениетке, халық дәстүрлеріне патриотизм, құрмет және ұқыпты қарау сезімдерін тәрбиелеу;
4) шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтерді ақпараттық қолдау, ұжымдар арасындағы шығармашылық байланыстарды кеңейту және білім беру ұйымдары педагогтерінің тәжірибелерімен алмасу.
Фестиваль-байқаудың қорытындысы бойынша қазылар алқасы жеңімпаздарды анықтады. Жеңімпаздар І, ІІ, ІІІ дәрежелі және Гран -при дипломдармен, жеңімпаздарды марапаттады. Гран -приді қаламыздың 25 орта мектебі алса, I орын қаламыздың 29 мектебі, II орын 43 мектеп, III орынды, қаламыздың қосымша білім беру орталығының балалар-жасөспірімдер клубы “Эмералд” пен қаламыздың 36, 27 мектептері алды. Барлық жеңімпаздарды марапаттарымен құттықтаймыз!