Бүгін балалар мен жасөспірімдер арасында тәуелділіктің алдын алу бойынша "Саналы ұрпақ"қалалық форумы өтті.
Бұл іс-шараға "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" ШЖҚ РМК әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманы - Календерова Раиса Геннадьевна, Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психологі - Куликова Анна Александровна, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы полиция подполковнигі - Тимиргалиева Ирина Александровна, - "Ирбис" телекомпаниясының тілшісі - Бекишев Дархан Бакитжанұлы шақырылды.
Ойынға тәуелді адамдар шындық сезімін жоғалтады. Ойынға деген құштарлық олардың күнделікті тапсырмаларды орындауына кедергі келтіреді. Құмар ойыншының барлық ойлары, ұмтылыстары мен ниеттері компьютерлік немесе құмар ойындармен тікелей байланысты болып кетеді. Павлодар қаласы мектептері оқушыларының алдында спикерлер осындай ақылдары мен ұсыныстарын айтты.