"Асыл мұра" ұлттық колорит орталығы ашылды
Павлодарда "Асыл мұра" ұлттық колорит орталығы ашылды. Ол "Дос"балалар-жасөспірімдер клубының негізінде жұмыс істейді.
Онда ұлттық дәстүрлерді насихаттау және сақтау бойынша жұмыс жасалатын болады.
Балалар мен жасөспірімдер үшін тегін негізде ұлттық қолөнер, дәстүрлі ән айту, домбыра ойнау және халық билері бойынша үйірмелер, сондай-ақ қазақша күрес, асық ату, садақ ату және тоғыз құмалақ бойынша спорт секциялары жұмыс істейтін болады.