Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Сәндік-қолданбалы өнер «Өнер - мәдениеттің айнасы»
23-10-2011 06:17
Сәндік-қолданбалы өнер  «Өнер -  мәдениеттің айнасы»

                                           Шебер сабағы

 

Суретші - әрлеуші:А.Б.Хван

Өткізілу мерзімі:

Сәндік –қолданбалы өнер

Сынып тақырыбы:Жібекте әшекейлеу – БАТИК

                                     Ұлттық нақыштар

Мақсаты:Қазақстан аумағында сәндік – қолданбалы өнердің дамуы және зерттелуі.

Міндеттер:Жібекке көркем сурет түсіру тәсілімен көрермендерді таныстыру. Батик  ұғымын түсіндіру. Бақылаушылық, қиялдану,суретшілік талғамды, дүние танымды жан -жақты дамыту. Ой-өрісті кеңейту. Көркемсурет материалдарымен жұмыс істеуге дағдылануды иемдену.

Құрал –жабдықтар:Көрермендер қатары: көрнекіліктер, Батик техникасында жасалған жұмыстар ( орамалдар, картиналар), ашылуы.

Материалдар:үлгі, А4 ү рама, жібек немесе астарға арналған мата,қор, матада пішін жасау, бояулар «батик», тұз,мочевина,№6 бояу жаққыш қыл,бояуға арналған үлгілер.

 

                                             Сынып  жоспары

1.Ұйымдастыру кезеңі  -3 мин.

2. Тақырыпты ашу – 15 мин.

3.Алға қойылған міндетті орындау – 40 мин.

4.Жұмысты аяқтау. Қорытынды -2 мин.

 

                                             Сыныптың  жүрісі

 

1.Көрермендердің сабаққа дайындығын тексеру.Оқу материалын қабылдауға дайындау – 3 мин.

2.Кіріспеәңгіме тапсырманың мақсатын анықтаумен басталады және көрермендерді алға қойылған мақсатты орындауға жетелейді.

2.1. «батик» ұғымын түсіндіру. Көрермендердің осы тақырып бойынша білімдерін анықтау.

Батик- жібек матаға көркем сурет түсіру – сәндік – қолданбалы өнердегі сұранысқа ие және нәтижелі техника түрі. Матаға көркем сурет салу- батиктің отаны болып Оңтүстік – Шығыс Азия есептеледі.

Қазіргі таңда батик сәндік-қолданбалы өнерде жетекші орынға ие болып отыр. Ол акварель, кескін, витраж, мозаика сияқты дәстүрлі көркемсуреттік техникаларды біріктіреді. Батик бөлменің ішкі көрінісі дизайнында қолданылады, әр түрлі стилистикалық және түрлі – түсті шешімдермен үндес келеді. Батик - сән шеберлерінің, модельерлердің сұранысына ие еркін түрдегі киімдерге арналған  қайталанбас маталар түрлерінің жасалуы.

2.2. Жібекке көркем сурет салу үш түрге бөлінеді: суық батик, ыстық батик және еркін көркем сурет. Біз сіздермен суық батикке тоқталамыз.

Суық батик үш техникадан тұрады:

·        «Классикалық» -шектеулі сызықтарды түсіру әдісі арқылы жабық жазықтықтар жасалады, нәтижесінде бір қабатты(бетті) витражға ұқсас сурет пайда болады;

·        «Көпқабатты» - бұл да витражды әдіс бойынша жасалады,сонымен қатар бірнеше түстердің бір бірінің үстіне түсірілуі қолданылады:

·        «Ашық кескін» - жабық жазықтарды қолданбай жасалады, бұл техникада шектеулі сызықтар ашылады, сонымен бір жазықтағы түстердің екінші жазыққа шығуына жол береді.

2.3. «Классикалық көркемсурет» түсіруден бұрын жібек матаны рамаға тартып оған шаблонның көмегі арқылы  ойға алған суретті түсіреміз.Сонымен бірге композиция  қандай түсті гаммада орындалатынын, оның бөліктері қандай  жүйелілікпен (тізбекпен) түсірілетінін шешу керек.

2.4.Орындалған тапсырманың үлгілерін көрсету. Эстетикалық бастамаға, орындалу мәдениетіне баса назар аудару. Композиция заңының орындалуының қажеттілігіне көңіл аудару.

2.5.Біздің жағдайда ұлттық нақыштағы сурет түсіру екі кезеңнен тұрады:

- реңді салу(түсіру)

- айшықтарды салу

Жұмысты композицияның ортасынан, яғни айшықты салудан бастаймыз. Егер ортада жылы түстер болса, реңі суық түсті болуы керек, немесе керісінше – 15 мин.