«Жігер» БЖК өз структурасын ұйымдастыру мен педагогикалық қызметтің формасын жасау бойынша жұмысты жүзеге асырады. Қазіргі уақытта штаттық кесте бойынша клубта 95 ҚББМ жұмыс істейді,оның ішінде 22-сі қосымша жұмыс істеуші. Қосымша білім беру мұғалімдері демалыс кезінде мектептердің бірлескен қызметін үйлестіреді, бұл қалалық шаралар мен акцияларды ұйымдастыру бойынша күрделі мәселелерді едәуір жеңілдетеді. Қалалық демалу саябағында өткен «Бақыт бақшасында» атты жаздық жобаның қалалық концерттік ойын –сауық бағдарламасының фрагменттері ұйымдастырылды және өткізілді. Балаларды қорғау күніне арналған «Балалық шақ-күлкі мен қуаныш»атты мерекелік шараға барлық клубтан 1500 –ден астам бала қатысты. «Бала жанының жан айғағы» атты жобаның мақсаты – балаларды нашақорлықтан, қылмыстан, қаңғырушылықтан сақтандыру. Осыған орай, біздің мұғалімдермен жасы кәмелетке толмаған балалардың ісі бойынша бөлімдерде және мектепаралық есепте тұратын 84 тәрбиеленуші лермен әңгіме өткізілді.Осы категорияның 30 баласы осы жобаға қатысуға өз шешімдерін білдірді, олар қазан айына дейін спорт, шығармашылық топтардың белсенді мүшелері болады. Олардың жұмысы жоба өткенге дейін бақылауда болады. Жобаның мақсаты құзіретті органға қолдаухат пен түсініктеме негізінде балалар мен жасөспірімдерді мерзімінен бұрын есептен шығару. Клуб қызметінің осы кезеңінде педагогикалық структура құрылған ол 2012 жылға дейінгі бағдарламаны жасауға дайындық Клубтың педагогикалық кеңесінде педогогикалық және бұқаралық ұйымдастыру жұмысы талқыланып, дұрыс нәтижелер аталынды: аз мерзім ішінде жұмысқа қабілетті педагогикалық ұжым қалыптасты; қалалық деңгейде әртүрлі бұқаралық шаралар табысты өткізілді; қызметкерлердің жұмысына ішкі тәртіп жасалған (қызметкерлердің міндеттері белгіленген,жұмысқа тұрақты циклді тәртіп енгізілген, балалар мен жасөспірімдерді қамтуды есептеу бойынша өз құжаттамасы жасалған)
Сонымен қатар келесі кемшіліктер көрсетілген:
- кадрларға байланысты кейбір мектептермен тығыз байланыстың жоқ-
тығы; бұқаралық жобаларды жүзеге асыру үшін қанағаттанарлық материалды-техникалық базаның жоқ болуы;
Клуб 2011 жылдың 01 маусымынан бастап «Жаз-2011» жобасын жүзеге асыруда. Жаз жобасы бойынша штаб құрылған және безендірілген,онда «Жаз-2011» жобасы бойынша барлық ақпарат бар. Бұл жобада сауықтыру лагерлеріне қамтылмаған балалар мен жасөспірімдер жұмыс істейді. Клуб жазғы демалыс кезінде өз жобаларын жүзеге асыра отырып,мекен-жай бойынша балалардың мектептен тыс уақытын қамтуда үйлестіруші болды.
Осы негізде қорытынды жасалды:
- қалалық деңгейде балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын қамту жүйесін құру бойынша кейбір жеке жобалардың нәтижелігін жүзеге асыру келешекке қадам басу болып табылады.
- мекен- жайы және мектептен тыс уақытта балалар мен жасөспірім дердің бос уақытын қамту бойынша клуб қызметінде ,жобалардың кей бір аспектілерін болашақта қайтадан толықтыру керек. (мысалы,жоба ның материалдық-техникалық базасын өте жоғары камтамасызданды ру, жобаның жүзеге асырылуының мониторинг жүйесі);
- мөлтекаудандардағы мектептер мен мектеп базасындағы мұғалімдердің қызметі олардың жұмыс уақытын ұйымдастыруда жаңа талаптар құруды,сонымен қатар қоғамдық өкілдер мен мектеп әкімшілігімен өз ара тығыз байланысты талап етеді.