Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
"АСТАНА -ЕЛ ОРДАСЫ" - атты әдеби музыкалық шара өтті
08-11-2011 11:03

 "Жігер" балалар  жасөспірімдер клубында  Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған «Астана-ел ордасы» атты әдеби-музыкалық шара өтті

Өткен ғасырдың  аяғында кеңес  үкіметі  ыдырап, соның  нәтижесінде 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке  қол жеткізді. Биыл еліміздің тәуелсіздік алғанына 20 жыл толады.

            Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу-үлкен арман. Дүние жүзінде  алты мыңға жуықұлттар мен ұлыстар бар екен. Солардың ішінде екі жүздей ұлт  қана тәуелсіз мемлекет болып отыр.Бұл үлкен ұлттар-егемендік бақыты бұйырған халықтар. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс.

               Тәуелсіздік таңы атты

              Қазағымның жерінде

              Көк байрағы желбіреп,

              Көк аспанның төрінде

              70 жыл болды бодандық

              Еркіндікті аңсаған

              Кеңге жайып қанатын,

              Қырандай көкке самғаған.

 (қазақ халқының ұлттық биі)

   Осынау 20 жыл ішінде еліміз көптеген жетістіктерге қол жеткізді.

Алдымен 1990 жылдардағы дағдарысты жеңдік,содан кейін 1993 жылы ұлттық валютамызды енгіздік, 1995 жылы Жаңа Конституция қабылдадық, 1997-1998 жылдары жаңа  астанамыз бой көтере бастады.

             Астана –қанаты қатпағанмен он жылдың ішінде өзіміз ғана емес,өзге елдер тамсанып қызыға қарайтын шаһарға айналғаны анық. Астананың даму қарқыны тосылған жоқ,күн сайын зәулім ғимараттар салынуда.

             Лайым солай болсын! Астана еліміздің жүрегі,алтын алқасы іспетті.

               Көз тоймас келбетіңе-қандай көркем!

              Астанам-жаңа қала жайған өркен

              Астанам-тірегі елдің,жүрегі елдің,

              Соғатын жаңа ғасыр болып ертең

              Төріне туған жердің туын тігіп,

              Ерекше ел еңсесі бүгін биік.

              Астана-ақ ордасы қазағымның,

              Алтын тәж ақ маңдайға қонған сүйіп

 

(Астана туралы ән шырқалады)

 Ақорда-біртұтас елдіктің,бәйтерек-ерліктің символы. Осы екі символ

есімдерімен біз Астананы жер жаһанға әйгілі етеміз. Париж өзінің Эйфель мұнарасымен,Египет биік пирамидаларымен мақтанып жатса,біздің Астананың бір емес,бірнеше ауыз толтырып айтарлықтай символдары бар емес пе?

             Осы үлкен Елордада ынтымағы жарасқан бірнеше ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Негізінен, Қазақстан жерін ежелден мекендеп келе жатқан ел-қазақ халқы.Ол-достыққа адал,әділдікті сақтаған ел.

 

                   Ынтымағы жарасқан,

                   Айбаты көкпен таласқан

                   «Қазақ» атты халқым бар,

                   Жақсыменен жанасқан.

                   «Өркенім» дер бабалар

                   «Ұлтым» деген даналар

                   Алаш үшін соғысып

                   Ел қорғаған ағалар

                   Ел намысы ер деген,

                   Таудан биік өрлеген

                   Қайсар рухты ұл-қыздар,

                   Намысты қолдан бермеген

                   Айбаты алау от болған,

                   Намысы қызыл шоқ болған,

                   Алмас қылыш,өткір тіл,

                   Жауға атылар от болған,

                   Ұлан-байтақ жері бар

                   Асқар-асу белі бар

                   Қазағымның тәуелсіз

                   Берекелі елі бар

 («Туған жер» өлеңі айтылады)

 Жалпы,қазақ елінің басынан көптеген ауыртпалық өтті. Соған қарамастан еліміз мойымай,бүгінгі таңда «Тәуелсіздік» тұғырына қол жеткізді,биік белестерді бағындырды. Отанымыздың осындай дәрежеге жетуіне  батыр аға-апаларымыздың да қосқан үлесі мол.

         Ендеше,мына біздер де сол батырлардың жолын қуып,Отан игілігіне еңбек етейік. Ендігі біздің мақсатымыз тәуелсіздіктк сақтай білу. Егемен елдің болашағы-біздің қолымызда, достар.

 (Астана туралы  «Астана-арман қала»  өлеңі шырқалады.)