Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
«Ана күннің шуағы»
12-03-2012 08:22
«Ана күннің шуағы»

 

Шараға қатысушылар: «Тілашар» қазақ тілі үйірмесінің балалары.

Шараға шақырылған қонақтар: аналар, әжелер, ұстаздар

Өткізілген орны:«Болашақ» клубы

Өткізілген уақыты: 6 наурыз, 15.00

Шараның сценарийін дайындаған: қазақ тілі үйірмесінің жетекшісі Баширова Ж.Р.

8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Болашақ» балалар, жасөспірімдер клубында «Ана күннің шуағы» атты мерекелік шара өтті.

Шараға осы клубтың оқушы балаларының аналары мен әжелері шақырылды.

Клубтың спорт залы мерекеге сәйкес безендендірілген. Түрлі түсті шарлар ілініп, оқушылардың өздері салған мерекелік плакаты мен ана туралы жақсы лебіздер жазылған қағаздар ілінген.

Шараның жүргізушілері «Тілашар» үйірмесінің оқушылары Попеску Данил мен Падалко Рома болды.

«Тілашар» қазақ тілі үйірмесінің оқушысы Падалко Рома:

«Той передесін ашайық,

Тойға шашу шашайық,

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық! – деген сөздермен бастап, «Ана» әнімен жалғасты.

Шараға келген қонақтарды «Болашақ» клубының меңгерушісі Рулат Каиргелдіұлы келе жатқан көктем мерекесімен құттықтады.

 

Науырыздың сегізі,

Сұлулықтың негізі.

Әдемі сөз –

Адамның

          Анаға айтар лебізі, - деген   сөздерден кейін балалар өздерінің анаға, әжеге, ұстаздарға деген жылы лебіздері мен тілектерін айтты.

          Шараны өткізу барысында Попеску Данил, Падалко Рома, Галеева Саша, Мендыбаева Линара, Гритчан Андрей (8 – ші лицей оқушылары), Балаева Настя, Таипова Карина, Кульманова Эмилия (16- мектеп-лицей оқушылары белсенділік танытты.

Шараның соңында аналар да оқушы қыздарды, ұстаздарды  құттықтап,  ризашылықтарын білдірді.

Шараның екінші бөлімінде қыз балаларға арналып шәй дастарханы  жайылды. Ұстаздар оқушы қыз балаларды 8 наурыз мерекесімен құттықтап, оларға сыйлық ретінде дастарханға торт қойылды. Шәйдан соң би кеші болды. Онда балалар би билеп, түрлі ойындар ойналды.