Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жануарлар әлемі» атты "Жігер" клубында ашық сабақ
02-10-2013 05:19
«Жануарлар әлемі» атты

 

2013 жылғы 28 қыркүйекте «Жануарлар әлемі» атты тақырыпта ашық сабақ көрсетілімі өтті. Мақсаты: балалардың сөйлеу, сөйлем құрай алу, тірек-сызба бойынша жұмыс жасай алу дағдыларын бекіту болып табылады. Балалар сабақ барысында мақал-мәтелдерден жүйрік екендіктерін, өздерінін рөлге ене алу, актерлік  шеберліктерін байқата алды. Сабақ соңында әдептілікке қатысты ұлағатты сөздер мен тәжірибелік бөлім ретінде сахналауды ұсынды. Қазақ халқында «Жақсы сөз – жұбатады, жаман сөз - жылатады» деген мақал-мәтел тегін айтылмаса керек, себебі балаларымыз үлкендерді сыйлап, кішіге көмек көрсету тәрізді әдептерді сабақ барысында жақсы жағынан көрсетті. Балаларымыз ата-аналарын бір қуантты деуге тұрарлық.

Жануарлар әлеміне саяхат

 


Сабақтың тақырыбы: Жануарлар әлеміне саяхат. 
Сабақтың мақсаты:Балаларға жабайы жануарлар туралы түсінік беру; тілдерін дамыту, ертегінің қалай басталып, қалай аяқталатыны жайлы ұғымдарын бекіту, есте сақтап сахналауға үйрету;тірек-сызба бойынша сөйлем құрай алу дағдыларын бекіту;достыққа тәрбиелеу. 
Түрі: ертегі 
Әдісі: сахналау, сұрақ-жауап 
Көрнекілік: Үйдің макеті, жануарлардың суреті, топтастыру, тірек-сызба, Венн диаграммасы.
Сабақ барысы:І.Ұйымдастыру 
«Шаттық шеңберіне» жиналып, жақсы тілектер айту. 
Күніміз ашық болсын, 
Түніміз тыныш болсын. 
Ауамыз таза болсын, 
Жан-жануар аман болсын. 
Кел, балалар күлейік, 
Күлкіменен түлейік. 
Қабақ түйген не керек? 
Көңілді боп жүрейік. 
-Ендеше, балалар орнымызға жайғасып сабағымызды бастайық. 
ІІ. Жаңа сабақ 

Тыныс алу, дем алуға қатысты жаттығуларды орындау.

Сұрақ-жауап:
-Қазір жылдың қай мезгілі? 
-Қыс мезгілі 
-Қыстың ерекшеліктерін білесіңдер ме? 
Топтастыру 
Аяз болады күн суытады 

 Қыста адамдар жылы киімдерін киеді 

Қар жауады боран соғады 
-Қыс туралы кім қандай тақпақ біледі? 
1-бала:Қыс келді, қыс келді, 
Ақтарып ақ қарды. 
Аралап қайтайық, 
Ақ күміс бақтарды. 
2- бала:Біз батыл баламыз, 
Жылы үй, қорамыз. 
Ақ ұлпа қарынан, 
Аққала саламыз. 
3- бала:Қандай суық қыс деген, 
Қалтырайды құс деген. 
Құлақшыңды кимесең, 
Құлағыңды тістеген. 
4- бала:Қандай суық қыс деген, 

Бірін шебер істеген. 
Бақты, бауды, тауды да, 
Бояған ақ түспенен. 



5- бала:Пима, ішік, қолғап бар, 
Арада жоқ, тоңғақтар. 
Баста қалың малақай, 
Біз тоңбаймыз алақай. 
Сергіту сәті 
Есікті қағып әже кіреді. 
-Сәлеметсіңдер ме, балалар! 
-Мен сендерге қонаққа келдім. Менің сендерге арнап әкелген тарсыпмам бар. Кім тапсырмамды орындаса сол бала сыйлық алады. 
Әже сұрақ береді. 
1.Сендер қандай ертегілер білесіңдер? 
-Шалқан, мақта қыз бен мысық, бауырсақ, қызыл телпек және түлкі мен қасқыр. 
2.Осы ертегілерде қандай жабайы аңдар кездеседі? 
-Қоян, қасқыр, түлкі, аю, арыстан. 
Апатай жұмбақ жасырады. 
1.Ит сияқты пішіні, 
Ұнатпайды ол кісіні./қасқыр/ 
2.Өзі қу, 
Жүрген жері айғай да шу. /түлкі/ 
3.Көлеңкесінен қорқып безектейді, 
Ал, оның баласын көжек дейді. /қоян/ 
Мұғалімнің түсіндірмесі 
Жабайы аңдар далада, орманда және таулы жерлерде мекен етеді.Өз азықтарын өздері тауып жейді. Олар күннің суығында да, ыстығында да далада жүре береді.Жолбарыс, арыстан, аю, қасқыр жыртқыш аңдар қатарына жатады. Солардың ішінде арыстанды аң патшасы деп атайды.Аңдардың да пайдасы бар.Олардың терісінен тон, ішік киім-кешектер жасалады. 
Осы отырған қонақтарға апатайға «Достық үйі» ертегісін рөлге бөліп қойып көрейік. 
Тышқан- 
Бақа- 
Қоян- 
Әтеш- 
Аю- 
«Достық үйі» ертегісі 
Ерте, ерте, ертеде бұл оқиға орманда болған еді. Ашық алаңқайда кіп-кішкентай үй тұрды. Бірде оның қасынан жүгіріп өтіп, бара жатқан бақа үйді көреді.Ол тоқтап: 
-Бұл, сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай үйде кім бар? Ешкім жауап қайтармайды.Бақа бос үйге кіріп жатады. 
Бір кезде қасынан тышқан жүгіріп өтіп бара жатады.Тоқтап: 
-Бұл, сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай үйде кім бар? Мен бақа, сен кімсің? Мен тышқанмын! Кел бірге тұрайық. 
Бақа мен тышқан бірге тұрып жатады. 
Енді үйдің қасына әтеш келіп: 
-Ку-ка-ре-ку! Сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай үйде кім бар? 
Мен тышқан, мен бақа.Ал сен кімсің? 
-Мен әтешпін. Кел, бірге тұрайық.Осылай үшеуі бірге өмір сүре бастайды. 
Енді қоян келеді. 
-Бұл, сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай үйде кім бар? Мен бақа, мен тышқан, мен әтеш. Сен кімсің? 
-Мен қоян. 
Кел, бірге тұрайық. Достар енді төртеу болды. Тату тәтті өмір сүреді. 
Бір күні жидек теріп жүрген аю, әдемі үйді көреді.Жанына келіп: 
-Бұл, сүп-сүйкімді, кіп-кішкентай үйде кім бар? Мен бақа, мен тышқан, мен әтеш, мен қоян. Сен кімсің? 
-Мен қорбаңдаған қорбаңбай аюмын. Кел бірге тұрайық. 
Ешкімді тыңдамай аю қорбаңдап үйлеріне кіреді. Үй құлап қалады. 
Аңдар жылап ренжиді. 
-Сен не істедің? 
Аю: Ренжімеңдер.Келіңдер бірігіп қайтадан әдемі үй тұрғызып алайық. 
-Рахмет! 
-Балалар, орындарына отырып алдарындағы пішіндерді алып, аңдарға әдемі үй жапсырып берейік. 
1.Үйдің қабырғасы 
2.Шатырын әдемілеп желіммен жапсырамыз. 
Әже, балаларды дастарқанға шақырып өзінің тәттісін үлестіреді. Одан кейін әже қоштасып шығып кетеді. 
Қорытынды.