Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: ул. Академика Чокина 32/2
вахта: 65-43-22 бухгалтерия: 65-34-32 приемная: 65-43-20 методический кабинет: 65-43-21
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Личный прием граждан . Вторник, с 16-00 до 18-00 часов Среда, с 10-00 до 12-00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жеті қазынаның бірі» атты Жігер клубында ашық сабақ өтті
07-11-2013 05:42
«Жеті қазынаның бірі» атты Жігер клубында ашық сабақ өтті

Тақырыбы: «Жеті қазынаның бірі»

(Ертегіні айтып беру)

 

 

Сабақтын мақсаты:

Балаларға жеті санының киелі екенін, жеті сурет бойынша ажырату. Жеті қазынаны атауға, еліне елеулі қызмет жасайтын азамат болуға,айтылған ертегі бойынша анық сұраққа жауап беруге дағдыландыру, ертегі бойынша анық, мәнерлі сөйлеуге үйрету.

 

Жаңа сөздер:

Қайратты,лезде,алыстатыңдар

 

Көрнекілік:

ДВД- диск, теледидар, суреттер, сызба –тіректер,қолшаттырша, т.б.

Сабақтың барысы:

-         Сәлемдесу.

-         Қәне балалар тынысты қалай дұрыс аламыз(Балалар айтып, көрсетеді)

-         Ендеше әдеттегідей тынысқа арналған жаттығуымызды жасайык.

Балалар судағы жүзетін кішкентай кемелерді, көбелектер мен ұлпақарларды үрлейді

-         Қазір біз тілімізді дайындап алайық  (тілге арналған жаттығулар аттардың жүрісі, ит қалай жалайды)

Есік қағылады. Топқа қорап әкелінеді, оны сипаттап ашу. 1-ші затты алып шығу оған қағаз байланған. Оны оқу.

-         Мынау сиқырлы көзілдірік екен. Кім оны киеді, сол бала досының ішкі жақсы қасиеттерін яғни адамның ішкі жан дүниесін бізге көрсетіп береді.

-         Кәне, мен оны киіп көрейінші.

-         Ах, сендер қандай ақылдысыңдар, қандай көңілдісіңдер. Мен бәріңнің бойларыңдағы бір қассиеті, көріп тұрмын ғой?! Реалаксация.

-         Кәне ,Әлия сен киіп көрші (қыз  қасында тұрған көршесі туралы жақсы қасиеттерін айтады, әрі қарай көзілдірікті келесі балаға береді)

-         Көрдіңдер ме, мынау сиқырлы көзілдірік бағалы зат болып шықты. Мұны топта қалдырып жоғары жерге іліп қояйык.

Қоробтан 2-ші,3-ші заттарды алу.

2-ші затқа қағаз байланған «Видео табақты кос». 3-ші зат ол жеті саны (Балалар жеті санына қатысты ұғымдрды айтып береді)

Жеті ғалам: Күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан – жоғары ғалам, жер -  орта ғалам, жер асты – төменгі ғалам.

Жеті қат көк (шексіз аспан) деген мағынаны береді. Оған жататыңдар: Ай, Меркурий, Шолпан, Күн, Марс, Юпитер, Сатурн. Осы жеті жарық шығыс астрономиясында «Жеті қат көк» деп аталады.

Жеті ғашық: Ләйлі-Мәжнүн, Жүсіп-Зылиха, Фархад-Шырын, Бахрам-Күләнда, Бәдіғұл-Жамал, Бозжігіт-Аиула, Зияда-Қорлы.

Жеті күн: Бүгің, ертең, бүрсігүні, арғы күні, соңғы күн, азна. Дүйсенбі, сейсенбі, мсәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

Жеті ата: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене.

 

Видео табақты қос, сұрақтарға жауап бер.

Теледидар қосу.

Әже:

-         Сәлеметсіңдер ме балалар! Сендер қазан туралы не білесіңдер?

Балалардың жауаптары. Тайқазан туралы айтады. Сызба- тірек қолдану.

Балалар:

-         Қазанды көшкен кезде жұртта қалдыруға болмайды. Себебі отбасында көшіп барған жерінде ырыздық болмайды деп ырымдаған.

-         Қазанды төңкеруге, ошақты тебуге болмайды.

 

 

Әже:

-          Қазан туралы көп білесіндер екен. Рахмет. Сау болыңдар.

 

Ер адам экран алдына шығады.

Ата:

     -Ассалаумағалейкум, балалар!

   -  Менің атам – аңшы. Аңшы туралы не білесіндер?

Балалардың жауаптары. Сызба- тірек қолдану.

 

Ер жігіт дегеніміз- елімізді, жерімізді қорғайтын ер азамат.

 

Жүйрік ат- адамзат баласын барамын деген жеріне жеткізеді.

 

Бұрын ат болса, қазіргі кезде ол көлік.

 

Қыз өссе - елдің көркі

Гүл өссе – жердің көркі.

 

Қыз бала болашақ анамыз, біздің ақылшымыз.

 

Ата:

-         Аңшы туралы көп нәрсе білесіндер екен. Өмір жастарын ұзақ болсын, үлкен азамат болындар! Сау болындар шырақтарым !

 

Әйел адам экран алдына шығады.

Әйел:

-         Сәлеметсіндер ме балалар! Сендер қыз тәрбиесі туралы не білесіндер?

Балалардың жауаптары.

     - Ақыл- білім туралы мақал- мәтелдер білесіңдер ме?

Балалардың жауаптары:

 

Күш- білімде.

 

Көп біл, аз сөйле.

 

Оқусыз білім жоқ,

Білімсіз күнің жоқ.

 

Кітап- ғылым,

Тілсіз мұғалім.

 

Бала:

-Сәлем! Қалай ойлайсыңдар ит пен арыстан бір-біріне ұқсайды ма, әлде жоқ па?

Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

-         Рахмет сендерге!

 

  Тәрбиеші:

-         Әрі қарай дискіде бізге деген сұрақтар жоқ екен. Енді бір сәтке денемізді тынықтырып алайық.

Сергіту сәті  (сөз ұйкас)

1.     Са- са- са –ызылдайды маса (қимыл көрсету)

2.     Ра- ра- ра- бал жинайды ара (отырып)

3.     ЯН-ян-ян секіріп жүр қоян (секіру)

Екі рет.

Тәрбиеші:

     - Балалар сендермен неше казынаны еске түсірдік?

Алтау.

Тәрбиеші:

-         Қазынаға жетінші болып ит кіреді. Итті жетінші қазынаға қалай, неге кіргізгені туралы бір ертегі айтып берейін.(Сахналау)

Сахналау ертегіні.

      Баяғыда аң патшасы арыстан қызметшісі жолбарысты шақырып, ормандағы барлық аңдарды жина деп бұйырыпты. Арыстан патша әлемде ең қайратты, ең ақылды, әрі епті кім екенін білгісі келіпті.

     Лезде арыстанның аодына аңдар жинала қалыпты.Түлкі алға шығып:

-         О, әлемде теңдесі жоқ патшам! Бұл өмірде сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ. Сондықтан да біз сізді патша етіп сайлағанбыз! Сіздің қайырымыңыз шексіз,- депті.

 Барлық аңдар өз пікірлерін айтып, ең күшті, ақылды деп арыстанды айтады.

Мақтау сөздерге мәз болған арыстан бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырап жатқан итті байқайды. Итке гүрілдеп төне түседі.

-         Әй, сен  мыналардың не айтып жатқанын естіп отырсың ба өзі? Неге сен үн қайпайсың? - дейді.

Ит салмақты үнмен: «Ә, сен бе едің? Неге сонша бүкіл орманды басыңа көтересің? Менің де сені мақтап, бас ұруым керек пе?- деп тәкаппарлана сөйлейді.  Арыстан: «Ал сонда дүниедегі ең қайратты, ең ақылды, әділ әрі епті кім?»  Ит: « Мен үшін дүниедегі қайратты әрі ақылды, ол тек- адамзат!».

      Арыстан одан бетер ашуланып, дереу жолбарысқа: «Ит иттігін жасап адамды мақтады. Біздің арамызда оған бұдан былай орын болмауы тиіс. Дереу арамыздан алыстатыңдар!»- депті күндей күркіреп.

     Бұл сөзден соң иттің мүлде көңілі қалып, олардың арасынан біржолата қол үзіп кете барған екен.

     Содан бері ит адамның досы, көмекшісі болыпты. Бертін келе «Ит жеті қазынаның бірі» деген қанатты сөз қалыптасты.

Соңында бір, екі балаға ертегіні толық әңгімелеп айтқызуға болады.

-         Көрдіңдер ме, балалар, «Ит – жеті қазынаның бірі» екен. Содан бері ит адамның досы, серігі, қорғашысы болыпты.

Сабақты кортыңдылау, балаларды мадақтау