Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Тәуелсіздік Күніне арналған «Егеменді Қазақстаным!» атты мерекелік шара.
18-12-2013 09:22
Тәуелсіздік Күніне арналған «Егеменді Қазақстаным!» атты мерекелік шара.

Тәуелсіздік Күніне арналған

«Егеменді Қазақстаным!» атты

мерекелік шараны жүргізу туралы

Е Р Е Ж Е

 

Шараның мақсаты мен міндеті:

1.     Балалардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

2.     Туған жерді, табиғатты сүю, бір біріне деген жақсы қарым-қатынастарды қалыптастыру.

3.     Туған тілді, мемлекеттік тілді дамыту.

4.     Мәдениетті дамыту мен жетілдіруге талпыныс жасау.

 

Шараға қатысушылар:

«Балшуақ» балалар мен жасөспірімдер клубының тәрбиеленушілері мен олардың ата-аналары.

Өткізу мерзімі:

2013 жылдың 13 желтоқсан күні, сағат 15.00

Шараның талаптары:

1.     «Балшуақ» клубының әр үйірмесінен 10 бала қатысады.

2.     Қазақстан туралы, Отан туралы 4-5 өлең.

3.     Қазақстан егемені туралы, мемлекеттің тәуелсіздігі туралы 4-5 әңгіме.

4.     Әр үйірмеден музыкалық шашу.

5.     Тәрбиеленушілерге Отанымыз туралы сұрақтар қойылады, оларға жауап беру

Марапаттау:

«Егеменді Қазақстаным!» атты мерекелік шараның қатысушылары сыйлықтармен марапатталынады.

Тәуелсіздік Күніне арналған

«Егеменді Қазақстаным!» атты

мерекелік шараны өткізу туралы

Е С Е П

                2013 жылы 13 желтоқсан күні «Балшуақ» балалар жасөспірімдер клубында Қазақстан Республикасының Тәелсіздік Күніне арнайы Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мен өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеу мақсатында тәрбиеленушілер үшін мерекелік шара өткізілді. Бұл шараны клубтың қосымша білім беру педагогтары мен Павлодар қаласының №8 балалар кітапханасы жұмыскерлері бірігіп ұйымдастырды.

                Мерекелік шара әнұраннан басталды. Содан кейін клуб меңгерушісі балалар мен келген қонақтарды келе жатқан мерекемен құттықтады. Құттықтау сөзден кейін сөз №8 балалар кітапханасының жұмыскерлеріне берілді. Кітапхана жұмыскерлері өз сценарий бойынша балаларға Қазақстан Тәуелсіздігі туралы қызықты мәліметтер дайындап, клуб тәрбиеленушілерге тақырып бойынша сұрақтар қойды. 

Балалар Отан туралы өлеңдер оқып, туған жер туралы әңгіме айтып, би билеп, әндер шырқады.

Шараның мақсаттары орындалды деп есептеймін. Клуб тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарына шара өте ұнады. Ата-аналар осындай шаралардың жиі өткізуліуне тілек білдірді. Шараға қатысқан балалардың бәрі сыйлықтармен марапатталынды.