Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты ата-аналарға арналған концерт.
20-01-2014 05:57
«Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты ата-аналарға арналған концерт.

«Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты

ата-аналарға арналған есеп беру концерттің өтуі туралы

Е С Е П

 

                2014 жылдың бірінші күндері, яғни қаңтардың 4-ші жұлдызында  сағат 15.00-те «Балшуақ» балалар жасөспірімдер клубында «Қош келдің, Жаңа Жыл!» атты концерт өткізілді. Би кешін, қосымша білім беру мұғалімі, «Капитошка» үйірмесінің жетекшісі Демидович Лариса Ивановна ұйымдастырды. Концерттің бірінші мақсаты – балалардың ата-аналарына есеп беру концертін көрсетіп, яғни тәрбиеленушілердің шығармашылық деңгейін, жарты жылдық жаңа бағдарламасын ұсыну. Шараға отызға жуық балалар қатысып, өнерлерін көрсетті. Ал көрермендер қатысушылардан да екі есе көп болды, өйткені кішкентай бөбектердің әкелері, шешелері, сондай-ақ, әжелері мен аталары болды. Ата-аналар концертке өте риза болды, олардың сөздерінше, осы концерт Жаңа жылдық мерекесін ерекше сездіртті.  «Капитошка» үйірмесі «Балшуақ» клубының басқа да үйірмелерін өз концертіне шақырды. Сол күні жұмыс істеген сурет салу үйірмесінің тәрбиеленушілері мен жетекшісі концертке барып, жақсы әсер алды. Би залында тұрған, биіктігі 3м шырша мерекенің сәні болды. Би үйірмесінің тәрбиеленушілері әр биге шыққан сайын небір әдемі де, сәнді де музыкаға сәйкес киімдер киіп шығып, көрермендердің ризашылығына батты. Ата-аналар осындай үйірмеге, осындай клуб болуына «Жігер» әкімшілгіне көп рақмет айтып, келесі жаңа бағдарламаны асыға күтуде.