Тарих тілі – елдің тілі.
Өткізген жері:«Жас толқын» клубы.
Балалардың саны:21 бала.
Уақыты:14 қаңтар сағ. 11:00
Мақсаты:қазақ тіліне тән дыбыстардың айтылуына, жазылуына ерекше көңіл бөлу, мемлекеттік тілдің маңызы туралы түсінік беру.
Барысы:Әнұран орындалады.
Адам өміріндегі барлық жақсылық атаулыға сәлемдесу арқау болып жатады.
Бірін-бірі көріп білмеген адамдар арасында да игіліктер алғашқы сәлемдесуден өрбиді.
Сұрақ-жауап:
А) балалар бүгін қай күн?
Ә) қазір жылдың қай мезгілі?
Б)қай ай?
В)ауа-райы қандай?
Г)көктем мезгілінде қандай мерекелер бар?
Көрініс: «Сөз қадірі»
1-ші оқушы:Қуан халқым күшіне енді «Тіл заңы», «Сүйінші» деп ақын ұлың жырлады. Ел елдігі бағаланар тілменен сол арқылы құлпырады гүл бағы.
2-ші оқушы:
Ана тілім-әнұраным
Ана тілім-құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым
Ана тілім-ерлігім
Ана тілім-елдігім
Ана тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігім.
«Сөз қаруы-ой»
(Сурет бойынша әңгіме құрауы. Мектеп,оқу құралдары,асхана,кітапхана,аулада т.б.)
Мақал-мәтел білесін бе?
Кім көп біледі?
Мемлекеттік тіл-ортақ тіл.
(Сұрақ жауап)
А) Отан деген не?
Б) Сенің Отаның қай ел?
В) Қазақстан қандай ел?
Г) Қазақстан астанасы қай қала?
Д) Қазақстан Республикасының рәміздері қандай?
Қорытынды.