Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Наурыз» күніне арналған мерекелік шара.
20-03-2014 11:47
«Наурыз»  күніне арналған  мерекелік шара.

2014 жылы 17 наурыз күні «Балшуақ» балалар жасөспірімдер клубында Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекелік шара өткізілді. Бұл шараның мақсаты: Балаларға ұлыстың ұлы күні туралы толық мағлұмат беру. Ұлттық салт-дәстүрмен таныстыру. Танымдық қабілеттерін дамыту. Халқымыздың әдет- ғұрыптарын құрметтеуге, өнерлі, өнегелі азамат болуға, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.Бұл шараны клубтың қосымша білім беру педагогтары ұйымдастырды.

          Мерекелік шара Наурыз әнінен басталды. Содан кейін клуб меңгерушісі балалар мен келген қонақтарды келе жатқан мерекемен құттықтады. Сценарий бойынша балаларға Наурыз туралы қызықты мәліметтер айтылып, клуб тәрбиеленушілерге тақырып бойынша сұрақтар қойылды. 

Балалар Наурыз туралы өлеңдер оқып, әңгіме айтып, би билеп, әндер шырқады.

Шараның мақсаттары орындалды деп есептеймін. Клуб тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарына шара өте ұнады. Ата-аналар осындай шаралардың жиі өткізуліуне тілек білдірді. Шараға қатысқан балалардың бәрі сыйлықтармен марапатталынды.