22-23 қазанда «Толағай» балалар-жастар клубында «Спорт нашақорлыққа қарсы» атты акция шеңберінде аула клубтары арасында бокстан ашық жарыс өтті.
Жарысқа 100 спортшыдан астам қатысушы қатысты. «Алаш» спорттық үйірмесінің алты тәрбиеленушісі, жаттықтырушылары «Сауран» БЖК оқытушысы , Жаменкенов Ертай Хайруллиновичтің жетекшілігімен - 1орынды иеленді: Нуртазинов Алибек, Саматов Данияр, Касимов Алмас, Бакланов Ислам, Умеев Амир, Самиева Рузанна. 2 орынды -Аджибеков Ринат, Кайбасов Куаныш, Тлектесов Султан, Шух Игорь иеленді. 3орынды иеленгендер - Муратов Ильяс, Гельд Роман, Жакупов Темирлан, Перницкий Артур, Бакланов Илияс, Сагдат Алижан, Рамазанов Айдос. Біз жарысқа қатысқан барлық балаларды құттықтаймыз. Сәттілік пен жаңа жеңістер тілейміз!