2016 жылдың 24 шілдесінен 1 қыркүйегіне дейін Бангкок қаласында (Тайланд) қыздар мен ұлдар арасында муайтай бойынша әлем чемпионаты өтті. Жаттықтырушы-оқытушы Фатхутдинов Дамир Равильевичтің жетекшілігімен Қазақстанның жасөспірімдер құрамасы чемпионатта өзінің үздік нәтижесін көрсетті. ҚР құрама тобының құрамында «Балшуақ» БЖК жаттығатын келесі Павлодарлық балалар болды: Аюпов Нұрсұлтан, Кульбизеков Денис, Ибрай Чингисхан. Аюпов Нұрсұлтан 14-15 жастағы, 42кг санатында Күміс жүлдегері атанды. Ибрай Чингисхан 12-13 жас аралығында, 38 кг. дейінгі салмақта екінші орынды иеленді. Континенттің ең мықты құрамаларының ішінен суырылып жас спортшыларымыздың чемпионат финалына шықанының өзі үлкен жетістік.