Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жас қанат» БЖК «Қауіпсіз мектеп» акциясы бойынша өткізілген іс-шара
21-09-2016 03:09
«Жас қанат» БЖК  «Қауіпсіз мектеп» акциясы бойынша  өткізілген іс-шара

Жолда қауіпсіздікті сақтап жүруді дәріптеу және балалар арасындағы жол-көліктік жарақаттанудың алдын алу мақсатымен 2016 жылдың 15 қыркүйегі сағат 15.00-де «Жас Қанат» балалар-жасөспірімдер клубында «Радуга безопасности» атты суреттер сайысы мен «ЖЖЕ. Жол белгілері» сайысы өткізілді. Сайыс барысында «Жол жүру әліппесі» атты тақырыптық әңгімелесу ұйымдастырылды. Ойын барысында балаларға әр түрлі жағдайдағы тапсырмалар ұсынылды, олар дұрыс жауаптарды тауып оны іс-әрекеттермен көрсетуі керек еді. Балалар шын ниеттерімен суреттерді салып, ЖЖЕ бойынша тапсырмаларды қызыға орындады. Жол жағдаятына қатысқандар: реттеуші, көліктегі жүргізуші, бағдаршам, жол белгісі, жаяу жүргіншілер. Іс-шараны қорытындылай келе суреттер көрмесі ұйымдастырылды, бұл көрме арқылы балалар өз құрдастарының жол жүру ережелері мен жолдағы қауіпсіз әрекеттерді қалай түсінетіндігін көрді. Сайыс жеңімпаздары мен қатысушылары тәтті сыйлықтар мен медальдермен марапатталды.

20160915_164434