«Мектепке баратын жол» ақциясы
![«Мектепке баратын жол» ақциясы](/media/img/blogs/1238699621.jpg)
25 тамызда «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының ауласында «Мектепке баратын жол» акциясы өтті. Акцияның мақсаты жағдайлары төмен отбасыдағы, жетім қамқоршысыз қалған балаларға көмек беру болды.
Акцияға клубтың барлық бөлімшелері қатысты. Акция концерттік-ойын түрінде өтті. Клуб тәрбиеленушілері қызықты сахналық қойылымдар қойды. Акция барысында ақша жинау жәшігі тұрды. Ұлдар мен қыздар акцияны қолдап, өздерінде бар жинаған ақшаларын шын ниеттерімен жәшікке салып жатты.