Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Жігерлі дауыс -2017» Вокалдық сайысының финалдық кезеңі
23-02-2017 05:41
«Жігерлі дауыс -2017» Вокалдық сайысының финалдық кезеңі

2017 жылдың 22 ақпанында сағат 15.00-де. №15 ЖОББМ үлкен шара өтті. Ол  «Жігерлі дауыс -2017» вокалдық сайысының финалдық кезеңі, оны екінші жыл қатарынан ұйымдастырып және демеушісі болып отырған «Жігер» БЖК.

2017 жылдың 15 ақпанында «Жігер» клубының негізінде іріктеу туры «көрмей тыңдау» арқылы өтті. Қатысуға ынта білдірген барлық үміткерлер сайысқа қатысты. Енді міне «Финалдық концерт» және «Марапаттау рәсімі»  

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша жалпы балалар-жасөспірімдер клубтары арасынан 27 үздік дауысты балалар анықталды.

Көрерменге толы зал. Көптеген қонақтар – ата-аналар, барлық 16 клубтың тәрбиеленушілері, мұғалімдер, және әсем әуенді концертті көруге келген басқа да көрермендер болды.

Бірнеше сағаттың ішінде көрермендер, жанкүйерлер жаңадан туған жұлдыздарға куә болып, Отан туралы әсерлі әндерін тыңдады. Қатысушылардың өнер көрсетуі ду қол шапалаққа ие болды, себебі олар қатаң сайыстық кезеңнен өткен финалға жолдама алған кішкентай жұлдыздар.
«Осы сахнада тұрғандарыңның өзі сендердің жеңіске жеткендеріңнің дәлелі. Сендердің әрқайсыларын жеңіске лайықсыңдар» – деп өз сөзін сайыс қазылар алқасының төрайымы, №22 ЖОББМ педагогі, музыкант Карлыгаш Суртаевна Джакова бастады.

Сыйлық ретінде қатысушылар ұйымдастырушылар атынан дайындалған естелік сыйлықтар мен дипломдармен марапатталды.

Ал сайыстың финалға өтпеген басқа  қатысушылары қатысушы сертификаты мен ынталандыру сыйлықтарына ие болды.