2-7 наурыз аралығында «Анаңа өз қолыңмен жасаған сыйлық» атты суреттер мен бұйымдар жарысы ұйымдастырылды. Іс-шараға «Шабыт» үйірмесінің 34 оқушысы қатысты. Іс-шараға «Шабыт» үйірмесінің жетекшісі ҚББМ Смакова Э.Б. жауапты болды.
Бұл шараның мақсаты аналарға өз қолдарымен сыйлық жасау барысында балаларды квилинг әдісімен жұмыс істеуге үйрету болды. Сонымен қатар өз жақындарына деген сүйіспеншілік пен сыйластыққа үйрету болды. Сабақта алған білімдерін бекіту. Сайысқа бірінші және екінші ауысымдағы екі топ қатысты. Балалар бір апта бойы квилинг әдісі арқылы, тұзды қамырдан мүсін жасау арқылы, кейбіреулері аппликация әдісі арқылы сурет жасап шеберханада жұмыс істеді. Бар ынталарымен махаббаттарымен өз жақындарына, аналары мен әжелеріне сыйлықтар жасады.
«Анаңа өз қолыңмен жасаған сыйлық»