Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
"Аялаған Астана"
10-07-2017 05:00

02.07.2017 күні сағат 15.30-16.30 аралығында «Өркен» БЖК-да Айтмуратова А.К. «Өнер» үйірмесі жетекшісінің "Аялаған Астана" атты коучинг сабағы өтті. Сабақ барысында тақырыпқа сай суреттер салынып, қол өнер бұйымдары жасалды. «Кім болғым келеді?», «Болашақ Астана», «Менің арманым» атты тақырыптар қозғалып, талқылана отыра, қызықты да пайдалы сабақ өтті. Сабаққа 12 бала белсенді қатысып, өз еңбектерін ата-аналарына сый ретінде алып кетті.

04.07.2017 күні сағат 15.00-18.00 аралығында«Өркен» БЖК-да Шантеков Е.К. «Ертарғын» үйірмесінің жетекшісінің және Рыщанов А.С. «Бушидо»үйірмесінің жетекшісінің "Астана арман қала" атты спорттық ойындар сайысы өтті. Сайысты шахматшылар бастап, 5 жұп қызу арпаласты. Келесі кезең алаң ойындары мен эстафеталық сайыстар арқылы 18 баламен жалғасты. Үшінші кезеңде қазақша күрес пен джиуджицу палуандары қүш сынасты. Жалпы үш кезеңде қатысқан 38 бала болды. Тәттімен марапатталған балалар жақсы әсер алды.

05.07.2017 күні сағат 16.00-18.00 аралығында «Өркен» БЖК-да «Астана» атты мерекелік концерт пен «Қарбызды кеш» өтті. Концертті Нургалиева Дильназ сын тұрғыда сұрақтармен бастады. Балалар білгендерін белсенді жауап беріп, білмегендерін білді.Өлең жолдарымен бастаған балалар ән мен би арқылы концертті жалғастырды. Мерекеге арналған флэш-моб ерекше әсер етті.Концерттен кейін «Қарбызды кеш» өткізілді. Балалар тәтті жидек жеп, би билеп, керемет көңіл көтерді.