«Әсем-ай» қолөнер үйірмесінің шеберлері
2017 жылы 1-ші қарашада «Дос» БЖК-нда күзгі демалысқа арналған «Әсем-ай» қолөнер шеберлігі үйірмесіне №17 ЖОББМ-нің 2 ші орыс және қазақ сыныптарынан 3 топ оқушылары сынып жетекшілерімен бірге келді. Балаларға ең бірінші «Әсем-ай» қолөнер шеберлігі үйірмесінің мақсат, міндеттерімен таныстырып, содан кейін Раушан гүл шоғын жасаудың шебер-сыныбы өткізілді. Балалар өте жоғары көңіл күйде жұмысты атқарып, өздерінің жасаған жұмыстарын сынып жетекшісіне сыйлады.
Аталмыш іс шараны ұйымдастырған және өткізген қосымша білім беру педагогы Аем Арқарбековна Акимбаева.