Тақырыптық сабақ «Қазақтың көрнекті ағартушылары!
Бүгін тарих үйірмесінің жетекшісі Рысбаева Г.К. 1-топ пен «Ағартушы ғалымдар» жайлы ашық сабақ өткізді. Тақырыптық сабақтын мақсаты: Балаларды қазақ ағартушыларының өмірімен шығармашылық мұрасымен таныстыру болып табылады.
Дүниетанымы қазақтың көрнекті ағартушылары Ыбрай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов . Балаларға қысқаша ағартушы ғалымдар жайлы тарихын баяндаудан басталып, викториналық сұрақтар қойылып, слайд – шоу көрсетілді. Оқушылар түрлі сұрақтарға жауап беріп, пікір - таласқа қатысты. Нәтижесінде: Балалар ағартушы ғалымдар туралы қызықты мәліметтер алды. Сабақ барысында еркін сөйлеуді, өз ойларын еркін жеткізуді үйренді.