Телефон доверия
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Адрес: ул. Академика Чокина 32/2
вахта: 65-43-22 бухгалтерия: 65-34-32 приемная: 65-43-20 методический кабинет: 65-43-21
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Личный прием граждан . Вторник, с 16-00 до 18-00 часов Среда, с 10-00 до 12-00 часов
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Асық атудан «Асығын алшысынан түссін» атты турнир
30-03-2018 16:26
Асық атудан  «Асығын алшысынан түссін»  атты турнир

Елбасымыздың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында « Ертіс Медиа» ЖШС директорының орынбасары Жұмабек Сманов бастаған «Асық party» акциясын қолдау және қазақтың көне ойындарының бірі асық ойынын жаңғырту мақсатында «Рақым» балалар-жасөспірімдер клубында облыстық асық атудан «Асығын алшысынан түссін» атты турнир өткізілді. Турнирге қаламыздағы 16 аулалық клубтар мен 3 қалалық мектептерден және Ертіс ауданының Луговой ауылдық мектебімен Майқоңыр орта мектептерінен 2 команда қатысты. Жарысқа қатысқан команда саны 22. Жарыс өтте тартысты өтті. Қатысушыларымыз ұлттық нақыштағы киімде болды. Төрешілер әділ төрелік етті. Доданың қортындысы бойынша 1 – орынды қаламыздың нөмірі 19 мектебінің мергендері жеңіп алса, 2 – орынды Ертіс ауданынан келген Луговой орта мектебінің командасына бұйырды. Ал, жүлделі 3- орынды иеленген 2 команданың бірі Ертіс ауданының 2-ші командасы мен «Өркен» балалар-жасөспірімдер клубының командасы қанжығаларына байлады. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтар мен медал, дипломдар мен марапатталды.

Қатысушыларымыз ұлттық ойынға аса қызығушылық танытқандарын айтты.