«Сауран» балалар-жасөспірімдер клубында ата - аналарға арналған «Жанұя және тәрбие» тақырыбы бойынша тренинг өтті. Жиналысқа әрбір үйірмеден үш - төрт ата - ана қатысты. Жауапты педагогтар: Карашашева А.Қ Минин О.К. және Давледбаева Г.С. ат салысты.
Ата - аналар алдында клуб меңгерушісі Асем Кабдұллақызы сөз сөйледі. Тренингтің бірінші кезеңінде Давледбаева Г.С. ата - аналармен практикалық тұрғыда тәжірибе өткізді.
Мақсаты: ата аналардың өз тарапынан қаншалықты балаларына жақын болу үшін тәрбиенің негізгі құпиясымен таныстыру, қызығушылықтарын ояту. Ол үшін үш тәжірибе өткізілді. Біріншіден: баланы дұрыс шақыру, көңіліне жағымды сөздер айту; екінші құпия, ол американдық психотерапевт Вирджиния Сатирдің нұсқаулары (балаға өзінің сезімін құшақтау арқылы жеткізу , ол үшін кемінде төрт рет , ал ең дұрыс дегенде он екі рет құшақтау арқылы білдіру), ал соңында педагаог тәжірибие арқылы (таза су, қара бояу қосылған су, және түсі алтынға боянған су ) тәрбиенің үшінші құпиясы ашты.
Жиналыстың екінші кезеңінде Айгуль Қанатқызы әңгіме арқылы мынадай тақырыпшаларға тоқталып өтті: «Өз балаңыз туралы нені білу керек,», «Балалық шақтың негізгі заңдылқтары», «Сіз қандай ата - ана» сұрақ жауап, «Беделді ата - ана», «Өктемшіл ата - ана», «Бәріне көз жұма қарайтын ата - ана».
Бірінші кезең мен екінші кезеңнің уақытында балалармен бөлек Олег Константинович жеке ойын сайыс өткізді.
Үшінші кезеңде «Мен қаншалықты жақын білемін өз баламды» атты анкетаға ата - аналар жазбаша жауап қайтарып, ал балалар сол сұраққа ауызша жауап қайтару арқылы ата ата –ананың қаншалықты өз баласына жақын екенін көрсетті. Аталмыш ойын тренингі барлық қатысушылардың көңілінен шықты.
«Жанұя және тәрбие сағаты»