Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика бойынша Көктемгі Чемпионаты өтті
Шымкент қаласында 27-28 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика бойынша Көктемгі Чемпионаты өтті
«Марафон» спорт клубының атынан өнер көрсеткен екі қатысушы - Богомольская Ольга және Фандюшина Евгения.
Богомольская Ольга - 10000 метр қашықтықта екінші болды, Фандюшина Евгения - 400 метрде, екінші болды және 800 метр қашықтықта – бірінші келді.
Жарыс екі күнге созылды. Ыстық ауа-райы, өздерінің жеке нәтижелерін жақсартуға кедергі келтірген жоқ. Біз барлық қатысушыларды құттықтаймыз. Жарайсыңдар!