Сенім телефоны
email: zhiger-pavlodar@goo.edu.kz
Мекенжайы: Академик Шокин к. 32/2
вахта: 65-43-22 есепші кабинеті: 65-34-32 қабылдау: 65-43-20 әдістемелік қабинеті: 65-43-21
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдайтын кестесі: Сейсенбі, 16-00 сағаттан- 18-00 дейін Сәрсенбі, 10-00 сағаттан- 12-00 дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Ол күндердің даңқы өшпейді» атты мерекелік концерті
11-05-2018 11:43
«Ол күндердің даңқы өшпейді» атты мерекелік концерті

Уақыт үнемі алға жылжып келеді, ал артта біз үшін де, халықтар үшін де маңызды оқиғалар қалуда. Мұндай мерекелерді ұмытуға болмайды, олар туралы әрдайым есте сақтап, лайықты атап өтіп болашақ ұрпаққа соны көрсету керек. Біз үшін бұл Ұлы Отан Соғысындағы Жеңіс Күні және биылғы жылы бүкіл еліміз, оның 73 жылдығын атап өтуде. Бұл күн ерекше мағынаға ие. Бұл – майданда қаза болғандарды еске алу. Бұл – біздің тарих, біздің жанымызға бататын, сонымен қатар үміт сыйлайтын күн...
Біздің "Жігер " БЖК" Ұлы оқиғаға арналған мерекелік концерт өтті. Соғыс жылдарындағы әндер, оларға қоса әдемі бейнероликтер мен слайд – шоу, би нөмірлері және 16-ы клубтан жиналған тәрбиеленушілеріміздің мәнерлеп оқыған өлеңдері көрермендерімізге ерекше әсер қалдырды, меніңше олар өлеңдерді тыңдап отырып сол қорқынышты күндерді сезініп, тарихи маңызды сәттерді бастарынан кешкендей әсерде болды. Бір минут үнсіздікпен соғыста қаза тапқан жауынгерлер мен жақында өмірден өткен ардагерлерді еске алды. «Көзге еріксіз жас келтіретін» бұл мейрам қатысушылар мен көрермендердің көңілдерін босатып, жүректерінен орын алды.
Ардагерлер буыны азаюда, ал біздің негізгі борышымыз Ұлы Отан Соғысы туралы тарихи оқиғаны жадымызда сақтап, бірде-бір қаза болған сарбазды елемей кетпей, тірі ардагерлерімізді құрмет көрсетіп ерліктері үшін алғыс білдіру мақсатында әрқашан елеп жүру. Біз осы Жеңіс үшін барымызды бердік,енді ешкімге бүгін де, алдағы уақытта да ұмыттырмауымыз керек. Отанымызды қорғаған батырларымыз мәңгілік есімізде!