Каратэ WKF бойынша оқу-жаттығу жиыны.
2019 жылғы 3-5 қаңтар аралығында "Балшуақ" БЖК-да "Жігер " БЖК" МҚКК каратэ-до және кобудо секцияларының тәрбиеленушілері арасында каратэ WKF оқу-жаттығу жиыны өтті.
Мақсаты:
- Қазақстандағы дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Каратэ до Шотоканды насихаттау;
-спорттық шеберлікті арттыру;
-тәжірибе алмасу;
- клуб тәрбиеленушілері арасында дене шынықтыру дайындығының деңгейін анықтау;
- салауатты өмір салтын насихаттау, сондай-ақ каратэ-до және кобудоны спорт түрі ретінде насихаттау;
- балалардың қысқы демалыс кезіндегі бос уақытын қамтамасыз ету;
- Қарағанды қаласында 27.01.2019 ж. жаттықтырушыларды еске алуға арналған турнирге дайындау
Жиынға 43 тәрбиеленуші қатысты.
Бағдарламаға мыналар кірді:
- спорттық кумитэдегі қозғалыстың түрлері мен тәсілдері;
- соққы техникасының атқарымы: қолмен және аяқпен жеке соққы; комбинациялық жұмыс;
- техникалық тактика, кумитэдегі дайындық;
- оқу-жаттығу жекпе-жегі.
Барлық қатысушылар белсене қатысып, алдағы жарыстарға жақсы көңіл-күй алды.