2019 жылғы 29 мамырда "Рақым" клубының педагогтері мен тәрбиеленушілері Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасының ұжымымен бірігіп Балаларды қорғау Күніне арналған шараны өткізді.
Іс-шараға Полосатик және Кнопочка сайқымазақтары келіп, бүкіл мереке бойы балаларға әртүрлі ойындар, билер мен конкурстар өткізіп, олардың көңіл күйлерін көтерді. Балалар мен олардың ата-аналары ойын-сауық іс-шаралардың барлық кезеңдеріне белсенді қызығушылықпен қатысып ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
"Рақым" БЖК атынан кішкентай тәрбиеленушілер "Кішкентай жұлдыз" биімен және аға құрам бишілер кей-поп стиліндегі биімен өнер көрсетті.
Жалпы іс-шара жоғары деңгейде өтті. Шараға 80-ге жуық балалар мен ересектер қатысты. Іс-шара соңында "Облыстық көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтардың арнайы кітапханасы "КММ Басшысы клуб қызметкерлеріне алғысын білдіріп, ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырғаны үшін "Алғыс хатпен" марапаттады.