2019 жылғы 19 желтоқсан Павлодар қ., МҚКК «Жігер» балалар-жасөспірімдер клубының бөлімшесі «Балшуақ» балалар-жасөспірімдер клубында «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру шеңберінде және «Ата өнері – балаға мұра» аулалық жобасы негізінде «Киізден ұлттық бұйымдар жасау» шеберлік сабағы өтті. Бұл аталмыш жобасының 1-ші кезеңінің 2 тақырыбы. Аталған жобаға «Жігер» балалар - жасөспірімдер клубының 15 клубының тәрбиеленушілері қатысты. Шеберлік сабағын балалар-жасөспірімдер клубтарының педагогтары өткізді. Балалар киіз тарихымен және сипаттамаларымен танысып қана қоймай, киізден (фетрден) сәукеле, алқа, сырға жасау техникасын, өзінің көркем ой ниеттерін іске асырып үйренді. Аталмыш іс шараға «Нұр – Ана әлемі» қамқорлық бірлестігінің мүшелері Нургалиева Нуршат Абдыхалимовна мен Абакей Сураган спикер ретінде шақырылды. Әжелеріміз балалардың алдына өз жинаған, тоқыған ұлттық қолөнер заттарын көрме ретінде ұсынды. Аталған жоба қаңтар-наурыз айларында конкурспен жалғасып, қорытындысындасатылым-көрме болады.