"Қош бол, балабақша"
Павлодар қаласының № 8 сәбилер бақшасында 29-30 мамыр күндері "Қош бол, балабақша" тақырыбында ертеңгілік өтті. Балалар тәрбие алған сүйікті балабақшаларына арнап ән айтып, би билеп тамаша көтеріңкі күйде болды. Ата-аналар ризашылықтарын білдірді. Бүлдіршіндерге болашақта ақ жол тілейміз!