"Жазғы уақытта денені әр түрлі тәсілдермен нығайту"
17 балабақшада "Жазғы уақытта денені әр түрлі тәсілдермен нығайту" тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Осы әңгіменің мақсаты тәрбиешілерге жазғы уақытта МБМ балалардың денін нығайту жүйесінің жұмысын жүйелі түрде қамтамасыз ету, әдістемелерді анықтау және нығайту құралдарын табу. Жазғы уақытта балабақшада келесідей денені нығайтуға арналған әдістер қолданылады: ауамен нығайту, сумен нығайту(сүрту,құю), күннің көзімен нығайту(күн ванналары, жалаң аяқ жүру), бұл әдістер балалардың денінің сау болуын қамтамасыз етеді.