Ризашылық күні!
Оқушылардың үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынасын дамыту, әдептілікке, кішіпейілділікке, ізеттілікке тәрбиелеу мақсатында 9 «А» сыныбында "Ризашылық - мейірімділік бұлағы" атты сынып сағаты өтті.
Психолог мамандар «өзгеге жағымды, жылы сөз айтуға қарағанда, оны жазу әлдеқайда әсерлі» деген екен. Сол себепті оқушыларға кластерді жылы лебізбен, ақ тілекпен толтыру тапсырмасы берілді. Сонымен қатар, шара барысында оқушылар өз ойларын ортаға салып, белсене қатысып отырды.