Телефон доверия
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Адрес: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
1 маусым – Балалар қорғауының халықаралық күні.
31-05-2011 06:26
1 маусым – Балалар қорғауының халықаралық күні.
Қымбатты балалар! Жадыраған жаздың алғашқы күніне тұспа-тұс келетін өздеріңнің төл мерекелерің — Балаларды қорғау күні де жақындап қалды. Халықаралық балаларды қорғау күні тек біздің елде ғана емес, өзге елдерде де атап өтіледі. Бұл күн — балалардың ұдайы қамқорлықта болуын, ал үлкендердің олар үшін әрдайым жауапкершілікте болуын еске салатын күн. Ол 1949 жылғы қараша айында Халықаралық Демократиялық әйелдер федерациясы сессиясының шешімімен «Балаларды қорғау күні» болып белгіленді. Ең алғашқы Балаларды қорғау мерекесі 1950 жылы өткізілді. Балалар, бұл — сендер үшін ең маңызды күн. Өйткені, ол өздеріңнің еншілеріңе тиген төл мейрамдарың болып есептеледі. Ендеше, мерекелерің құтты болсын, жас достар!