Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Білім және ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам»
08-04-2012 17:27
«Білім және ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам»
Кейігі кезде оқушыларды ғылымға шақыратын, ғылыммен айналысуды үйрететін ғылыми – тәжірибелік конференциялар молынан өткізіліп жатыр. Осының бір дәлелі 2012 жылғы 5-6 сәуірде Инновациялық Еуразия университетінде өткен Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясының академик Ш. Шөкиннің 100 жылдығына арналған «Білім және ғылым интеграциясы – болашаққа нық қадам» атты XXXVIII ғылыми-тәжірибелік конференциясы. Конференция екі бөлімнен өтті – пленарлық және секциялық. Конференцияға 800-ден астам адам қатысады, оның ішінде 200 астам мектеп оқушылары. Сол оқушылардың арасында біздің мектептің оқушылары да өздерінің ғылыми – зерттеу жұмыстарын қорғады. «Журналистика» секциясына 9 «А» сынып оқушысы Романқызы Гүлмекен мен 8 «А» сынып оқушысы Беккер Эрик қатысты. «Биология» секциясында 11 «Б» сынып оқушылары Малдыбаев Дәурен мен Балыков Иван жұмыстарын қорғады. Конференцияның нәтижесінде бұл оқушылар мектебімізге жүлделі орындар алып келді. Дәлірек айтқанда, Малдыбаев Даурен І дәрежелі дипломмен, Балыков Иван ІІ дәрежелі дипломмен, Беккер Эрик ІІІ дәрежелі дипломмен және Романқызы Гүлмекен сертификатпен марапатталды. Дипломдармен қатар оқушыларға бағалы сыйлықтар да ұсынды.