Ата - аналар жиналысы
Қаңтардың 29-ы күні барлық сыныптарда ата - аналар жиналысы өтті. Ұстаздар мен ата - аналар өздерін қызықтыратын сұрақтарды талқылады.
Күн тәртібінде: І жартыжылдықтағы оқушылардың үлгерімі, жеке оқушылардың сабақ босатуы, үй жұмысын орындауда ата - аналардың бақылауы және т.б. Жиналыстың соңында ұстаздар қалалық, облыстық байқауларда орын алған, мектеп өміріне белсене қатысқан оқушылардың ата - аналарына алғыс білдірді.