Жас ұландар қатары толығуда
![Жас ұландар қатары толығуда](/media/img/blogs/517f7bb8d0a7d.jpg)
Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлау шеңберінде 2013 жылғы сәуірдің 30-ы күні №30 ЖОМ-да "Жас ұлан" республикалық ұйымға оқушыларды қабылдау рәсімі өтті. Бұл шараның басты мақсаты оқушылардың бойында патриоттық сезімді, білімге талпынуды, Қазақстанның бүгіні мен ертеңіне, тарихына жауапкершілікпен қарауды тәрбиелеу.
Салтанатты іс-шараға мектебіміздің еңбек сіңген мұғалімі К.З.Титанова шақырылып, жас ұландардың алғашқы қадамдарына сәттілік тіледі.
Шақырылған қонақтарға жас ұландардың атрибуттарын тағуға рұқсат берілді. Барлығы 80 оқушы қабылданды, оның ішінде Жас қыран - 60, Жас ұлан - 20 оқушы.