Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Қош бол құтты ,Әліппем!»
21-12-2013 08:21
 «Қош бол құтты ,Әліппем!»

 Мектебімізде 1 сыныптар үшін «Қош бол құтты ,Әліппем!» мейрамы өтті. Мейрам алдында  үлкен  дайындық  жүргізілді. Дайындыққа  бүкіл сынып , олардың  ата-аналары  тартылды. Бірінші сынып оқушылары  әріптер мен әліппе  туралы  қаншама  өлеңдер жаттап, «Қошақаным», «Әліппе, қош бол!» әндерін орындады, мың бұрылған биші қыздары шығыс биін биледі, бүкіл сынып «Мистер және мисс» биін биледі, «Түлкі мен қоян» қойылымын көрсетті. Әліппеге  жазуға , оқуға  үйреткеніне  рахметтерін  жаудырып жатты.  Шара соңында оларды  сынып жетекшілері Нургалиева Б.Қ. және Искакова Р.А. құттықтады және «Әліппе  курсын  бітіргендері  туралы  куәліктерін» сыйлады.

Енді ата-аналар да, мұғалімдер де олардың  білім алудағы бірінші қадамдарын жасағанын біледі.Алда БІЛІМ еліне  он жылдық саяхат: онда білім теңіздері мен ғажайып шытырман   оқиғалар!

Бірінші  сынып оқушылары  Әліппемен өздерінің бір достарымен қоштасқандай жылы   қоштасты.