Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Дүниежүзілік Азаматтық Қорғаныс» күні
15-03-2014 09:03
«Дүниежүзілік  Азаматтық Қорғаныс» күні

   Әлемнің көптеген елдерінде Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының ұйымдастыруымен 1 Наурыз  - «Дүниежүзілік  Азаматтық Қорғаныс» күні деп атап өтіледі. 

   №30 мектеп қабырғасында өткен бұл мереке еліміздегі табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуға барлық күшті біріктіру, халықты Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерін болуы мүмкін тосын оқиғаларға дайындауға бағытталған халықаралық акция болып табылады. Павлодар облысының Төтенше жағдайлар Департаментінің азаматтық қорғаныс басқармасы қызметкерлерімен Павлодар қаласы жалпы орта білім беру мектептерінің АӘД мұғалімдері және оқушыларының қатысуымен «Халықты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараны азаматтық қорғаныс басқармасының бастығы М.Романевич кіріспе сөзбен ашып, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар  туралы жалпы түсініктер айтып, қорғанудың түрлерін түсіндіріп өтті.

   Шараның соңы мектебіміздің АӘД мұғалімі А.Ж. Идрисовтың ұйымдастыруымен сайысқа ұласты. Сайысқа №2, 4, 6, 11, 16, 17, 28, 30, 33, 35, 40 мектеп оқушылары белсенді түрде қатысып, жүлделерді бөлісті. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды  - №17 мектеп, ІІ орынды -  №30 мектеп, ІІІ орынды - №11 мектеп оқушылары иеленді.                                                  

   «Ең үздік сурет», «Өрт сөндіру құралын үздік жинаушы» номинациялары бойынша мектебіміздің оқушылары Рахимов Ырысбек пен Шаменов Уалихан жеңімпаз атанды. Жарайсыңдар!