Педкеңес
Тамыздың 28-і күні мектебімізде "Мекеменің 2014-2015 оқу жылындағы жұмысының негізгі бағыттары" тақырыбында педкеңес өтті. Мектеп директорының оқу ісінің меңгерушісі С.Н.Таянышева әріптестерін жаңа оқу жылымен құттықтады. Жаңа оқу жылына дайындықта өз үлестерін қосқаны үшін алғыс білдіріп, өткен оқу жылындағы педагогикалық ұжымның жасаған жұмысы туралы есебін оқыды. Мектеп директорының міндетін атқарушы М.Б.Рахметова ҰБТ нәтижесі мен үлгерім туралы есебін оқыды. Мектеп директорының тәрбие ісінің меңгерушісі А.Қ.Макишева тәрбие жұмысында атқарылған жұмыстар туралы есебін оқыды. Педкеңестің шешімі бойынша өткен жылдағы мектептің жұмысы "қанағаттанарлық".