Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Күзгі демалыс көңілді өтуде
10-11-2014 04:37
Күзгі демалыс көңілді өтуде

Күзгі демалыс көңілді өтуде.

       Павлодар қаласындағы № 30 жалпы орта білім беретін мектептегі «Болашақ» атты тарихи зерттеу тобы жұмыс істейді.  Бұл топқа  мектептегі 6, 7 және  8 сыныптардан, барлығы  10 оқушы  қатысамыз. Жетекшіміз тарих пәні мұғалімі  Накупова Бақыт Барашқызы.

        Қаламыздағы Балалар шығармашылық орталығында  «Ұлы  Жеңістің 70 жылдығына» арналған қалалық мектептер арасында өтіп жатқан  сайыстың  1 және 2-ші турларынан өтіп, 3-ші турға жолдама алдық.

        Күзгі демалыс кезінде қаламыздағы өлкелік мұражайға барып, өлкемізден Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлердің ерлігі жайында хабардар болып,  сайысқа қажетті интервью жаздық. Қаламыздағы соғыс ардагерлерінің атымен аталған көшелер туралы мәліметтер жинап, мұражайдағы құнды мәліметттермен таныстық.

        Алдағы мақсатымыз – осы  қалалық мектептер арасындағы сайыста ізденушілік және зерттеушілік жұмыстарымыз  арқасында жүлделі орынға ие болу.