Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8 (7182)332660
email: sosh30@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000 Павлодар қаласы Баян Батыр көшесі 27
Директор : 8(7182)332660 қабылдау бөлмесі: 8(7182)332662
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Күн сайын: 09.00 - 12.00, 15.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»
28-11-2014 09:32
«Елін сүйген, елі сүйген Елбасы»

  1- желтоқсан Тұңғыш Президент мерекесі қарсаңында мектебімізде  6 – 9 сыныптар арасында ашық тәрбие сағаты өтті. Бұл мерекелік шараны ұйымдастырғандар мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері Накупова Бақыт Барашқызы мен Бутаканов Асылбек Елтайұлы еді. Осы жетекшілердің көмегімен оқушылар Елбасының өмірбаянынан бастап, еңбек жолы мен жоғары қызметтердегі жетістіктерімен танысты. Мектебіміздің 5 «А» гимназиялық сыныбының оқушылары өздерінің  Президентке деген лебіздерін ән жолдарымен жеткізді.

         Білгенімізді шыңдау, білмегенімізді ұштау ретінде викториналық сұрақтар да қойылып, оқушылар білім – білік дағдыларын ортаға салды.

         Елбасының Жоғары лауазым Президентке дейін жету жолындағы жетістіктері туралы айтылып, Қазақстанның әлемдегі беделі жөнінде, Назарбаев орталығы жөнінде мәнді де, мағыналы фильмді тамашаладық. Мерекелік шараның соңында оқушылар өз пікірлерін ортаға салса, мектебіміздің  директоры Текжанова Ажар Төкенқызы да балаларға өз тарапынан ақыл – кеңес берді.