Жаңа жыл мерекесін асыға күткен балалардың қуанышында шек жоқ. Жарқын және керемет мерекеге түпкілікті дайындалу басталып кеткен. Олар үшін жаңа жыл мерекесі кереметтерді шыңдай түседі, тек осы күндері ғана сақалын ақ қырау шалған Аяз атаны ,оның сұлу немересі Ақшақарды және көптеген сүйікті ертегі кейіпкерлерін ғана кездестіруге болады.
Бүгін №30 жалпы орта білім беру мектебінің 4 «Б» сынып оқушылары«Кел, төрлет, Жаңа жыл!» атты ғажап ертеңгіліктің куәгері болды. Мерекелік ертеңгілікте балалар ертегілер рольдерін сомдап, ата-аналар көңілінен шықты. Әсіресе, Аяз ата мен Ақшақар ортаның сәнін келтіргендей болды. Балалар жаңа жыл туралы дайындаған ән-жырларын, өлеңдерін айтып, өздерінің салған суреттерін де мерекеге тарту етті. Аяз атадан тәтті сыйлықтар алған балалардың қуанышында шек жоқ. Жаңа Тауық жылы бәрімізге толағай табыстар әкелсін!
Бастауыш сынып мұғалімі Нұрғалиева Б.Қ